Қаржы министрі 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Пантеонның макеті Пантеонның макеті

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоба-смета құжаттамасы жасалып жатыр, бірдеңе айтуға ерте. Соған қарағанда, бұл сарапшылық бағалау, біз әлі құжаттамасын көрмедік. (...) Бізде жоба-смета құжаттамасы жоқ. (...) Құны 79? Біздің сараптамаға құжаттама келген жоқ. Әкімдікте талқылау жүріп жатыр. Біз оның құнын көрмедік", - деді Сұлтанов Парламенттің үзілісінде.

Осыған дейін елорда әкімдігіне сілтеме жасаған БАҚ-тар Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің құны 79 миллиард теңге делінген мәлімет тараған болатын.

Астанада Ұлттық пантеонның құрылысының жоспары жайлы мәлімет 2013 жылдың желтоқсанында ресми БАҚ-тарда жарияланған болатын. Кейін Астана билігінің пантеонның құрылысы жүретін орын ретінде Қабанбай батыр кесенесін анықтағаны белгілі болды. Бұл кесенеде 2014 жылдың қаңтарында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова жерленген болатын. 2015 жылдың  қазанында ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаев жерленген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer