Қаржы министрі Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірді

06 Қараша 2017, 12:36
0
Қаржы министрі Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Bank RBK қаржы институтының мәселесін үкіметтегілер, Ұлттық банк пен мемлекеттік сыңайлы сектор біріге отырып шешетін болады. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банкпен жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкіметтегілер біздің барлық мемлекеттік сыңайлы секторлармен біріге отырып, проблемалық мәселелерді шешіп жатыр. Қазіргі уақытта қандай да бір нәтиже жайлы айтуға әлі ерте", - деді министр ҚР Мәжілісінде өткен үкімет сағатынан кейін.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев та Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірген болатын.

"Мен бұл мәселені білемін. Жақсы білемін. Онда не болғанын да білемін. Бұл жерде акционерлердің қаражат жымқыруы...", - деген еді Мемлекет басшысы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай