27 қыркүйек 2022 14:22

Қаржы министрі жалдамалы үй бағасы көтерілуіне қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй бағасы көтерілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй бағасы көтерілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бәрі заңда көрсетілген талаптарға сәйкес жасалса, жалға берушілер жалға алынған тұрғын үйден тұрғындарды шығара алмайтынын атап өтті.

"Көп жағдайда ауызша келісім жасалады. Мұнда, әрине, заң бойынша ештеңе дәлелдей алмайсың. Заң бұзу - келісімшарттардың дұрыс жасалмауы салдары. Келісімшарт болмаса, тексеру және Мемлекеттік кірістер комитетіне оны анықтауы қиын болады. Әзірге барлығы заң аясында, азаматтарымызды қорғауға толық дайынбыз. Қажет болған жағдайда заң аясында араласамыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.

"Мұндай келісім жасалған кезде жазбаша түрде келісімшарт жасасу керек. Келісім болған кезде, құқықтары бұзылған адамдар сотқа жүгініп, бәрін шеше алады. Мемлекет тарапынан, Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тексеру қажет болса, тексереміз. Шағын бизнесті жай тексере алмаймыз, бірақ олар заңды түрде кәсіпорындар ашып, заңды сақтап әрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне бар күшімізді саламыз", - деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар, ол тұрғын үй иелері шағын бизнес секторына жататынын және ол мораторий тексерістерінен қорғалатынын еске салды.

"Сырттан ешкім бүлдірмейді, қазақстандықтардың өзі отандастарына бағаны көтеріп отыр. Өзгелерді қорғап, кейбір азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіре алмаймыз. Заң аясында қарау керек. Мұндай қажеттілік туындаса, мораторийге өзгерістер енгізуді ұсынамыз. Салықты заңды түрде өндіріп алу бойынша ұсыныстар болса, оларды қарастырып, Президентке ұсынамыз", - деп қорытындылады Ерұлан Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети