Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қазақстандықтардың 2 млрд теңгесін казиноға салған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті Sax Invest қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті Sax Invest қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған.

"Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 миллиард теңгеден астам қаражат тартқан.

Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Кейін бұл қаражат оның тарапынан жеке мақсаттарға: оның ішінде казиноға 2 миллиард теңге, "Блайсико" атты бақылауындағы компанияның үлесін сатып алуға 28 миллион теңге, Атырау қаласындағы екі пәтерге 70 миллион теңге, жеке үй құрылысына 120 миллион теңге, шетелде демалуға 377 миллион теңге, қызының Лондонда оқуына 53 миллион теңге жұмсалған.

"Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2023 жылдың басында Мендығалиев 143 салымшымен жалпы 1,2 миллиард теңгеден астам залалды өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасаған.

Сондай-ақ, ол 2023 жылдың аяғына дейін 7 миллиард теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген".

Алайда, бұл уәдесіне қарамастан, салымшыларға ақшаларын қайтармаған. 2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды.

"Сот санкциясы бойынша, күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 миллион теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде: 4 пәтер, 2 жеке үй, 2 автокөлік, 10 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ "ForteBank" пен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бағалы қағаздары бар.

Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам танылды".

Олардың 7-іне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer