Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қаржы полициясы мен Мемлекеттік істер агенттігі төрағаларының орынбасарлары қызметтен босады

20 Қазан 2014, 23:02
0
Әбдірашит Жүкенов. Фото kazpravda.kz сайтынан алынды
Әбдірашит Жүкенов. Фото kazpravda.kz сайтынан алынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Әбдірашит Жүкеновты қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, тамыз айының басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктерін қайта құру қажеттігін хабарлаған болатын. "Қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері - жаңадан құрылған Агенттікке - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілсін. Ал экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілсін", - деген болатын Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшілігіне Қайрат Қожамжаровты тағайындады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай