11 қараша 2021 11:29

"Қарқынды жұмыс жүріп жатыр" - ресейлік СІМ қазақстандық вакцинация паспортын тану туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Ресей Қазақстанның вакцинация сертификаттарын өзара тануға деген ұмтылысын қолдайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей Қазақстанның вакцинация сертификаттарын өзара тануға деген ұмтылысын қолдайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова Ресей вакцинация сертификаттарын өзара тану туралы қазақстандық бастаманы қолдайтынын айтты.

"Осы бағытта екі елдің барлық мүдделі ведомствосы белсенді және дәйекті жұмыс жүргізіп жатыр. Мұндай бастаманы жүзеге асырудың әлеуетті платформаларының бірі - "COVID-19-сыз саяхат" қосымшасы", - деді дипломат.

Ол Ресейде вакцинация сертификаттарын тану мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанын айтты.

"Бірқатар елмен вакцинация куәліктерін тануды оңтайландыру жоспарланып отыр", - деді шенеунік.

Сонымен қатар, Захарова мұндай шешімдер қабылдау мерзімін болжаудан бас тартты.

"Мен айта алмаймын. Нақты мерзім жоқ. Жұмыс өте қарқынды жүргізіліп жатқанын ғана айта аламын", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, қазанның ортасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларын екпе төлқұжаттарын тез арада өзара тануға шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети