25 сәуір 2023 09:22

Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады.

Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді.

Кәрім Мәсімов бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети