22 тамыз 2022 08:21

Кәріз құдығынан кішкентай баланы құтқарған жігіт оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 19 тамызда кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарып қалған жас жігіттің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетіне сілтеме жасап.


Биыл 19 тамызда кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарып қалған жас жігіттің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетіне сілтеме жасап.

Ол Арал ауданы Бөген ауылында 2007 жылы дүниеге келген Арман Аманжолов. Арман оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Екі жарым жастағы сәби анасының алдына түсіп кетіп бара жатты. Мен телефоннан әуен тыңдап келе жатқанмын. Кенет анасының жан даусы шықты. Қарасам кішкентай бала кәріз құдығына түсіп кетіпті. Бар ойым құтқару болып, құдыққа мен де түстім", - дейді ол.

Осы кезде жас жігітке көмекке ер адам келген, ол алдымен сәбиді, одан кейін Арманның өзі шығарған.

"Мен сыртқа шыққаннан кейін ғана тәуекелге барғанымды түсіндім, өйткені құдық лас, су сасық еді", - деп есіне алады ол.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы "электрик". Көп балалы отбасынан шыққан жігіт комиссияның қорытындысын күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети