25 ақпан 2014 | 17:04

Қашағанды қайта іске қосу мерзімі белгісіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашаған мұнай-газ кені. Фото ©REUTERS Қашаған мұнай-газ кені. Фото ©REUTERS

Қашаған кен орнында мұнай өндіру жұмысын қалпына келтірудің нақты мерзімі белгісіз, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап. "Қашаған бойынша жұмыс әлі де белгісіз болып болып тұр. Шығындар бар. Оның барлығы өткен жылғы 1 қазаннан бері ақталмай жатыр. Республика үшін ол жаман емес (мұнай-газ қоры сақталады - авт.). Дегенмен, ҚазМұнайГаз үшін оның салдары бар. Оған қоса, сол жерде мұнай өндіру жұмысының қашан басталатыны белгісіз болып тұр", - деді С.Мыңбаев. Айта кетейік, әлемдегі ірі кен орындардың бірі - Қашағанда мұнай-газды өндіру жұмысы өткен жылы қыркүйек айында басталған болатын. Алайда бір аптадан кейін ол жұмыс тоқтатылды. Себебі газ құбырында ақау бары анықталған. Қазан айында мұнай мен газды өндіру жұмысы қайта басталды. Бірақ екі апта өткен соң, оның алдында болған себепке байланысты барлық жұмыстар қайтадан тоқтатылды. Осыдан кейін құбырдың бөлшектері арнайы зертханаға жіберілді. Бүгінде North Caspian Operating Co компаниясы Қашаған кен орнының операторы болып саналады. Аталған жобаға ҚазМұнайГаз, Eni, ExxonMobil, Royal Dutch Shell, Total және Inpex қатысуда. Сондай-ақ, Қытайдың CNPC компаниясы ҚазМұнайГаздан жобаның 8,33 пайызын сатып алған. Геологиялық зерттеулерге сәйкес, 40 жылдың ең ірі мұнай-газ кені - Қашағанда 4,8 миллиард тонна мұнай бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети