29 маусым 2020 | 20:48

Қашықтан оқу кезіндегі ата-ананың қатесі. i-balaqai жобасында Марина Хан

і-balaqai жобасының жаңа шығарылымында халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан ата-ана баланың жазғы демалысына қалай жоспар құруы, халықаралық білім беру бағдарламалары ұсынатын тегін онлайн-курстарды қалай іздеуге болатынын түсіндірді. Сондай-ақ ол қашықтан оқу тек академиялық оқу емес екенін айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

і-balaqai жобасының жаңа шығарылымында халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан ата-ана баланың жазғы демалысына қалай жоспар құруы, халықаралық білім беру бағдарламалары ұсынатын тегін онлайн-курстарды қалай іздеуге болатынын түсіндірді. Сондай-ақ ол қашықтан оқу тек академиялық оқу емес екенін айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Реклама
Реклама

Сарапшы e-learning 1999 жылы конференциялардың бірінде пайда болғанын, ал ең бірінші рет қашықтан оқуға арналған бағдарлама 1960 жылы Иллинойс университеті үшін жазылғанын айтады. Артынша Ұлыбританияда Open University-тінде бірнеше курс ашылды. Ал 1990 жылы мектептерде онлайн бағдарламалар пайда болды. Марина Ханның сөзінше, 2025 жылға қарай онлайн білім беру индустриясы 325 миллиард АҚШ доллары тұрады.  

"Бұрын білім ас ішу секілді міндетті нәрсе болатын. Бірінші, екінші, үшінші тағам, сосын компот дегендей. Бәрі нормамен, құрамы да белгілі. Ал қазіргі білім бесжұлдызды қонақ үйдегі швед үстелі секілді, бәрі көз алдыңда тұрады. Баланың міндеті нені қалайтынын түсінуі керек. Дұрыс таңдау жасау керек. Сондықтан ата-аналар баласын нені ұнататыны түсінуі керек, егер ол сіз күткен нәрсе болса, оған қолдау білдіріңіз", - дейді ол.  

Айта кетейік, 3 миллион 200 мың мектеп оқушысы төртінші тоқсанды қашықтан оқып аяқтады. Ол үшін бірнеше платформа іске қосылды. 

"Шошқа тұмауы кезіндегі эпидемияда бірнеше мектепте онлайн білім беруді дамытуға арналған бағдарламалар жазыла бастады. ЮНЕСКО мәліметі бойынша, 91 пайыз мектеп оқушысы сәуірде қашықтан оқуға көшті. Бәлкім эпидемия онлайн оқудың жылдамдатқан шығар", - дейді спикер.  

Марина Ханның сөзінше, қазақстандық ата-аналардың қашықтан оқуға дайын болмауына оқу процесіне кіріспеуі себеп болған. 

"Ата-аналар тек мектеп оқытатынына үйреніп алған. Ал біздің міндетіміз - мектеп таңдау, балаға қажет заттарын алып беру, ал ары қарай мектептің жұмысы. Яғни, баланың оқу процесіне кірісетін ата-аналар аз", - деп түсіндірді сарапшы. 

Ал мүлде дайын болмаған ата-аналарда стресс пайда болған. Себебі ішкі факторлардан бөлек, олар баланың сабақ кестесі мен тізімімен таныс болып, техникалық дайындық қажет болды. 

"Салдары қуантарлық емес. Экономика жоғары мектебі 40 пайыз мектеп оқушысы төртінші тоқсанда білім ала алмағанын есептеді. Сондықтан оны жаз мезгілінде қайтадан үйренуге тура келеді", - дейді Марина Хан. 

Ата-аналар бала жазда нені үйренуі керегін анықтап, стратегиялық жоспар құруы керек. Бұл жағынан жаздық камп пен арнайы бағдарлама дайындайтын компаниялар көмекке келеді. 

"Мен ата-аналарға виза алып, қымбат билет сатып алып, маска тағып, қолғап киіп алып шетелге шығудың қажеті жоғын, оның бәрін үйде, қолжетімді бағада алуға болатын айтамын. Бүгінде мектептер эпидемияға байланысты онлайн бағдарламаларды тегін жүргізіп жатыр. Оларда Tester day болады, яғни, бір күн қарап, егер ұнап жатса жазылуға болады. Бағасы жайлы айтар болсақ, олардың 70 пайызы тегін", - дейді маман. 

Есейген, жасөспірім жастағы, әсіресе жоғары оқу орны туралы ойланып жүрген балалардың әке-шешесіне мен үнемі балаңыздың құжаттарын қабылдайтын оқу орнының комиссиясы 2020 жылдың жазында немен айналысқаныңызды міндетті түрде сұрайтынын айтамын", - дейді спикер. 

Жақсы университетке түсуді жоспарлап жүргендер академиялық дайындықты да қолға алуы керек. Марина Хан танымал тегін ресурс Khan Academy компаниясымен дайындалуды ұсынды. 

"Академиялық бағдарламаны таңдауда ұлттық стандартқа мән беру керек. Одан бөлек, сыныптан тысбағдарлама өте көп.

Меніңше, біздің мектептер онлайн-білім беруге әлі дайын емес. Біздің мектептер қандай жағдай болмасын гибридті жағдайға келеді. Бірақ, әрине, жоспар құру керек", - дейді сарапшы. 

Спикер оқушы мен ұстаз жақсы байланыс орнатуы керегін айтады. 

"Қашықтан оқуға көшу мұғалімдер арасында үздігін қалдырады. Өз ісінің маманы одан әрі жақсарады, басқаларға ұзақ жолдан өтуге тура келеді", - дейді спикер. 

Қашықтан оқуда пайда болған мәселенің бірі - ата-анада үрей мен стрестің пайда болуы, ол да балаға әсер етпей қоймайды. 

"Маңызды аспекттердің бірі - сене білу. Өзімнің басымнан өткен жеке тәжірибем есімнен кетпейді. Балам шамамен 6-7 жаста болған. Бірде мектепте мұғалімімен сөйлестім. Мен одан "Балаға қалай мотивация беруге болады? Оқуға деген мотивацияны қалай ұстап қалуға болады?" деп сұрадым. Сол кезде ол "Баланың өзінде осы жасында мотивация болуы керек" деді. Яғни, 7-8 жасында баланың өзінде мотивация болуы керек. Сөйтіп маған "Сенім арта біліңіз" деді", - дейді Марина Хан. 

Бала мен ата-ана арасындағы сенім оқу процесі кезінде де көмектеседі. 

"Ата-анасы көмектесе берсе, бала ештеңе істемей отыра береді. Ол тек ата-анасы мәселесін шешіп беретінін күтіп отырады. Бұл қате. Ол тікелей жауапкершілікке байланысты. Біз балаларымыз әр ісіне жауапты болып өскенін қалаймыз ғой. Өз жұмысының нәтижесіне жауап берсе дейміз. Онда неліктен біз бұл процеске араласамыз?", - дейді маман. 

Ересектер тек баланың жағдайын жасап, сапалы интернетпен және компьтермен қамтамасыз етуі керек. 

"Бірақ үй жұмысын орындау, тапсырманы алып, оны жіберу - баланың міндеті. Себебі ол оқудың негізгі нысаны. 

Меніңше, егер ата-ана баласына ол да бір нәрсені білмейтінін айтып, бірге үйренсе, нәтижесі әлдеқайда жақсы болады. Бала жауапкершілікті өзіне алады. Ол өз ісіне жауап беруді үйренеді", - дейді сарапшы.  

Марина Хан жиі кітап оқып, оны, мысалы, кешкі ас кезінде Book club ұйымдастырып, талдаған дұрыс екенін айтады. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная