26 маусым 2020 20:36

Ата-ананың алаңдаушылығы мен баланың "менін" тәрбиелеу. i-balaqai жобасында Анна Быкова

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог Анна Быкова ата-ана баласы есейе бастаған кездегі алаңдаушылық пен эмоцияны қалай қолға алуға болатынын айтты. Сондай-ақ ол ата-ана балаға тәуелсіз, өз бетінше шешім жасай алатындай қасиетті беруде және дербес тұлға ретінде тәрбиелеуге қатысты бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог Анна Быкова ата-ана баласы есейе бастаған кездегі алаңдаушылық пен эмоцияны қалай қолға алуға болатынын айтты. Сондай-ақ ол ата-ана балаға тәуелсіз, өз бетінше шешім жасай алатындай қасиетті беруде және дербес тұлға ретінде тәрбиелеуге қатысты бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Анна Быкова балабақшада істеген кезде түрлі бала мен ата-ананы кездестіргенін айтады. Сонда психолог қызық заңдылықты байқаған: ата-ана тым қамқор болған сайын бала тәуелді, ерке болады.

"Мұндай балалар тілалғыш, бейқам әрі беймаза болады. Балабақшаға үйренісіп кету үнемі анасының қасында жүрген балаларға қиынға соғады", - дейді маман. 

Осылайша "еріншек ана" образы қалыптасады. Ол - артық әрекет жасамайтын, үнемі ресурстарын үнемдеп жүретін адам. 

"Баладан бөлек жүріп үйрену керек. Менің балам - менің жалғасым емес, ол - дербес тұлға. Сәйкесінше баланың өзі шешім қабылдауына, қателесуіне құқығы бар. Мен кеңесімді беремін, бірақ менімен келіспейтін жағдайға көнуім керек. Үнемі өзіңізге "Ол есейді. Бұл - оның өмірі. Бұл - оның шешімі" деп қайталап қойыңыз", - дейді психолог. 

Анна Быкованың сөзінше, баланы тәуелсіз, дербес тұлға ретінде тәрбиелеу кезінде бастысы оған кедергі жасамау керек. Себебі дербестік импульсы іштей қалыптасқан.

"Биологиялық міндет - өмірге келген ұрпақ біртіндеп ата-анасынан тәуелсіз бола бастауы керек. Егер ол импульс қалыптаспаған болса, біз балаға отыруды, еңбектеуді, сөйлеуді, жүруді зорлықпен үйрететін едік. Жоқ, біз тек баланың дамуын бақылап отырамыз. Баланың өзі соған дағдыланады", - дейді маман. 

Психолог табиғи импульсты сөндірмей, керісінше балаға көмектесіп, қолдау көрсету керегін айтады. 

"Көптеген ата-ананың бала күніндегі "мен өзім" деген кезеңі есінде шығар. Өзі ерікті түрде істегендіктен балада "мен" деген образ қалыптасады. "Менің қолымнан келеді", - дейді психоог. 

Анна Быкова бала енді еңбектегенде ата-ана екі қате жіберетінін айтады:

"Бала ойыншықты алғысы келген кезде ата-анасы: "өй, сен мына ойыншықпен ойнағың келіп тұр ма? Ала ғой" дейді. Бітті, импульс бұғатталды. Бала өзі еңбектеп барып алғысы келді. Ол көмек сұраған жоқ. Ал әке-шешесі ол ойыншықты қолына ұстата салды. Екінші қате - бала ойыншықты көріп, соған қарай еңбектеп бара жатады. Ал ата-анасы "бұл жақсы жаттығу екен" деп ойыншықты тағы бірнеше метр алысқа қояды. Бұл да "мен қалаймын, мен көріп тұрмын, мен істей аламын, мен нәтижесін көремін" деген испульсты бұзады. Бұл жағдайда бала еңбектеп келе жатып нәтижесін көре алмады. "Мен өзім жасай аламын" деген ойы тағы да іске аспай қалды", - деп түсіндірді маман. 

Сондай-ақ ересек адамдар балалармен "Былай істе" деген нұсқау беру арқылы сөйлеседі. Егер бала әлі кішкентай болса, оның әрбір сөзіне "былай істе" деп нұсқай берсек, ол есейгенде аз сөйлейтін болады. Себебі ол бір жаңалығын бөліссе "сен дұрыс істеген жоқсың, былай істеу керек еді" деген сын естиді немесе "осылай істеу керек" деген нұсқау естиді. Психолог мұндай жағдайда ата-ана тыңдай білу қасиетін дамытқан дұрыс екенін айтады. 

"Ақпаратты тыңдап, сын, кеңес айтуға асықпау керек. Бұл қиын. Бірақ осы қасиетке дағдылансақ баланың өмірінде не болып жатқанынан хабардар боламыз. Сын айтып, кеңес бергіңіз келіп тұрған кезде үндемей қалу қасиетін қалыптастыру керек", - дейді психолог. 

Бұл сіз балаға мүлде ақыл-кеңес бере алмайсыз деген сөз емес. 

"Баланың іштегісін бөліскені жақсы, ал сосын балаға: "Тыңдашы, саған өз ақылымды айтсам қалай қарайсың?" деп сөйлесу керек. Немесе: "Сенің орныңда болсам, мен былай істер едім" деп түсіндіру керек. Бірақ тігінен нұсқау айтуға болмайды. Сосын өзіңіз де қызығушылық танытып: "Ал сен бұл жағдайда не істер едің?" деп сұрау керек. Яғни, үнемі сұрай бергеннен гөрі қызығушылық таныту керек", - дейді Анна Быкова. 

Баланың импульсына мән беріп, оның нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік беру керек. 

Авторитарлық тәрбие беруден гуманистікке көшу - заманауи ата-аналар үшін қиынға соғады. Себебі гуманистік әдісті қолдана отырып авторитарлық тәрбие бергісі келеді. Сарапшы эмоцияның түрлерін зерттеген ересектер баланың түрлі эмоция білдіруге құқығы барын, оны тек сабырмен қабылдау керегін түсінетінін айтады. Алайда ата-аналар бұған басқаша қарауы мүмкін, балаға сөз бермей: "Тыныш отыр да өзіңді дұрыс ұста" дейді.    

"Сол кезде ата-аналар: "Мен оны соңына дейін тыңдаймын. Эмоциямды бақылауда ұстаймын. Шыдап тұрамын. Бірақ ол неге айқайлай береді?" дейді. Иә, бала ішіндегі эмоциясын сыртқа шығару үшін қанша айқайлау керек болса, сонша айқайлайды. Сол кезде іштей: "Ол неліктен жылай береді? Неге өзін осылай ұстайды? Бұлай болмайды ғой" деген ой қалыптасады", - дейді маман.  

Сондай-ақ Анна Быкова карантин кезінде адамдар өзін қалай ұстауы керегін айтты. 

"Ашуланудың бірнеше себебі болуы мүмкін. Сондықтан мәселені шешудің де түрлі жолы бар. Ашулануға физиология себеп болуы мүмкін - темірдің, магнийдің жетіспеуі және гормондық ауытқулар", - дейді психолог. 

Адам биоәлеуметтік жаратылыс болғандықтан қандай да бір биологиялық жағдайды ескерусіз қалдыруға болмайды. Анна Быкованың сөзінше, кейде өте ерке балаға педагогикалық амал әсер етпейді.

"Психика - ми нейрондарының жұмысы, олар сосын гормондарға түсуі мүмкін. Психология мен адам денсаулығын бөлек қарастыруға болмайды. Екеуі де бір-бірімен байланысты", - дейді маман. 

Ата-анада баласы есейген кезде алаңдау басталады. Психологтың сөзінше, ойдың, дене бітімнің өзгеруі мен эмоция бір-бірімен байланысты. Сондықтан эмоциялық абыржуды бәсеңдету үшін ойды өзгерту керек. Біріншіден, жағдайға басқаша көзқараспен қарау керек. Екіншіден, дем алуға арналған арнайы жаттығу жасау керек. 

Анна Быкова өзіңізді аффект жағдайына жеткізудің қажеті жоқ екенін және эмоциялық ақыл-ойды дамыту арқылы бақылау керек екенін айтты. Эмоция пайда болған кезде өз бақылауыңызға алу керек.

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети