06 шілде 2020 20:18

"Анашым, кел, сөйлесейік". i-balaqai жобасында Виктория Гончарова

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова баланың эмоциясын диагностикалау кезіндегі ойындардың маңызы туралы айтты. Сондай-ақ ол бала агрессияны іштей қалай басып жүргенін анықтауға болатынын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова баланың эмоциясын диагностикалау кезіндегі ойындардың маңызы туралы айтты. Сондай-ақ ол бала агрессияны іштей қалай басып жүргенін анықтауға болатынын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Терапевт балалармен туған кезінен бастап ойнаған дұрыс екенін айтады. Оның айтуынша, балалар екі жасынан бастап ашуланшақ бола бастайды. Негізі бұл одан ерте басталады. Ол отбасындағы жағдайға байланысты туады. Мысалы, ата-анасының ажырасуы, өмірге інісі не қарындасының келуі, әке-шешесінің бірінің назарының жетіспеуі.

"Баланың өмірінде болған қандай да бір жағдайға байланысты эмоция туса, бала онымен өзі күресе алмайды. Агрессия деген не? Негізі бұл жан дүниенің айқайы. Бала өзі ештеңе істей алмайтындықтан, ата-анасына қолынан келгенше "көмектесіңдер, менің қолымнан келмейді" деп айғайлайды", - дейді Виктория Гончарова. 

Бұл кез келген жастағы балаларда байқалады. 

"Әрі қарай баланың эмоциясы түзелуі мүмкін, бірақ оған психологиялық тұрғыда есею қиын болады", - дейді маман. 

Сондықтан ата-аналар агрессияға байланысты шағыммен келген кезде ойын диагностикасын жасауға болады.

"Ойыншық - сөз, ал ойнау - сөйлету. Бала бірінші қабылдауда ата-анасымен, достарымен қарым-қатынасы туралы арнай белгілер қолданып, айтып береді. Бұл әдіс арқылы әлі сөйлемейтін балалармен де жұмыс істеуге болады. Бастысы таңдауын қадағалап, сценарий мен сюжет құру жеткілікті", - дейді психолог. 

Ойын терапиясын тек мектеп жасындағы балаларға емес, сондай-ақ өміріндегі қиындықтары туралы айтуға қымсынатын ересек балаларға да қолдануға болады. 

"Бейдирективті ойын терапиясы. Бұл жағдайда баланың ашылуына мүмкіндік беру керек. Агрессиямен жұмыс істеген кезде сезімтал болу керек. Сезімтал психолог, ересек, ата-ана болу керек. Себебі агрессияның артында айқай мен бұйрық тұр", - дейді Виктория Гончарова. 

Балада агрессия үш жағдайда: ойыншық, өзге адамдар мен баланың өзіне байланысты туады. 

"Не істейміз? Балалар мені тыңдамайды" деп айтқан кезде, аутоагрессияның барын түсінбей қаламыз. Бала басқаша ойлай бастады: "Мен ақылды боламын, мені мақтайтын болады, ата-анамның ойынан шығамын" деген секілді", - дейді маман. 

Бала құтырып, тықылдап, кекештене бастаған кезде эмоциясын іште сақтағысы келіп тұрғанын аңғаруға болады. Ол энкопрез бен энурез агрессияның тууына әкеліп соғуы мүмкін.  

"Агрессияны неғұрлым ерте анықтасақ, соғұрлым оның салдарын тезірек жақсарта аламыз", - дейді спикер. 

Одан бөлек, бала ебедейсіз бола бастайды. Психологтың айтуынша, бала ондай жағдайда шалынысып, ойыншықтары қолынан түсе бастайды. Баланы бақылап, агрессияның "симптомы" пайда болатын кезді анықтау керек. 

Агрессия - негатив нәрсе туралы ғана емес. Ол көшбасшылық қасиет танытатын кезде де қажет. 

"Агрессия деген не? Ол - энергия. Адамға жақсы не жаман әсер етуі мүмкін. Ойын терапевті мен ата-ананың міндеті - баланы дұрыс бағытқа түсіру. Көп жағдайда ол шығармашылық жол", - дейді маман. 

Спикер бала ашуланшақ болған кезде сөзге келу керегін айтады. 

"Сен ашулысың. Өзіңді олай ұстауыңды доғар" - бұл екіге бөліп айтатын сөз. "Сен ашулысың" дегенді қалдырып, "Доғар" - бұйрық, тыйым салу болғандықтан оны қолданбау керек", - дейді Виктория Гончарова. 

"Сен ашулысың" деген сөзді ересектер үш түрлі жағдайда: қуанғанда, мұңайғанда не ашуланған кезде қолдануға болады. 

Бала аффект жағдайында болғанда, Виктория Гончарованың сөзінше, оны тәрбиелеудің қажеті жоқ. Оны сабырға шақырып, ойнату керек. Терапевттің айтуынша, әр балаға жеке көңіл бөлу керек, сондықтан маманға жүгінген дұрыс. 

"Мұндай жағдайда оны тек тоқтатып, сабырға шақыру керек. Сосын бірге отырып сөйлесу керек. Келесі күні ойын арқылы, аффект жағдайынан тыс ашуын шығарып алсын. Егер бала бұзақылық жасаса ата-анасы жазалап не тыйым салу керек, бірақ ол тек бір күнге созылуы керек. Ол келесі күнге жалғаспауы керек. Себебі ол қауіпті болуы мүмкін", - дейді психолог.   

Виктория Гончарова баланың эмоциясын анықтауға болатын ойын қандай болуы мүмкін екенін көрсетті. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети