05 желтоқсан 2020 12:30

Каскадерлік "Оскар" иегері Жайдарбек Күнғожинов: көптен күткен марапаты мен "Мулан" фильмінің түсірілімі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында танымал каскадер, каскадерлік "Оскар" иегері Жайдарбек Күнғожинов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында жеңіске жету жолы, командасына деген уайымы, сондай-ақ "Мулан" фильмінің түсірілімі кезінде алған әсері туралы айтады. 


ER-BATYR жобасында танымал каскадер, каскадерлік "Оскар" иегері Жайдарбек Күнғожинов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында жеңіске жету жолы, командасына деген уайымы, сондай-ақ "Мулан" фильмінің түсірілімі кезінде алған әсері туралы айтады. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. 

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Жоба Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясы және БҰҰ-ның Қазақстандағы Халық қоныстану қорының (ЮНФПА) қолдауымен шығарылады. 

Жандарбек Күнғожинов - танымал каскадер, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі. Ол 22 қарашада әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) "Таурус" сыйлығын алды. Nomad Stunts каскадерлері Голивуд, Болливуд және Түркияның алдыңғы қатарлы студияларымен бірлесіп жұмыс істейді. Олардың фильмографиясында "47 ронинов", "Неудержимые-2", "Путь домой" фильмдері және Netflix, HBO стриминг жүйелерінің сериалдары бар. Тамыз айында әлемдік прокатқа Disney студиясының "Мулан" атты фильмі шықты. Фильмде қазақстандық каскадерлер әртүрлі трюк орындап, Жайдарбек Күнғожинов эпизодта ойнаған болатын. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейінгі жоба қонақтары Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети