11 тамыз 2023 10:45

Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қаскелеңдегі перзентхананың үшінші қабатынан босанған әйел секіріп кетті. Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаскелеңдегі перзентхананың үшінші қабатынан босанған әйел секіріп кетті. Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел Қарасай орталық аудандық ауруханасының перзентханасына төрт күн бұрын түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

"Үшінші қабаттан құлады. Ол кісі бізге төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған, үшеуі де сәтсіз болған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын экомен көтерген. Ол баласы 26 аптасында тағы солай келді. Жоспарлы түрде отаға алынды. Үш баласын да жоғалту оңай емес қой. Босанудан кейінгі күйзеліске түсті ме? Қасында дәрісін беріп, медбике тұрған. Медбикені итеріп жіберіп, өзі секіріп түскен. Бала ішінде қайтыс болған. УЗИ-да анықтаған, қозғалмай қалған екен, баланың жүрегі тоқтаған, солай перзентханаға түскен. Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген", - деді перзентхана өкілі.

Перзентхана меңгерушісі Ғани Қалдыбаев босанған әйелдің жанында медицина қызметкері болғанын, әйел қазір жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.

"Қасында жансақтау бөлімінің қызметкерлері болды. Медициналық қызметкерді күшпен итеріп жіберіп, өзі секіріп кеткен. Бізге іштен шетінеп кеткен сәбиімен түсті. Қазір әйелдің жағдайы бірқалыпты. Кеше нейрохирург, травматолог қарап, көмегін көрсетті. Басына зақым келмеген, қолында жарақаттар бар", - деді Ғани Қалдыбаев.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада әйел отбасылық жанжалдан кейін екі баласымен терезеден секіріп кетпек болғаны хабарланған еді. Елордалық тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети