16 шілде 2018 10:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен әлем біріншілігі жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен әлем біріншілігі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол Twitter желісіндегі парақшасында өз ойын бөлісті. 


Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен әлем біріншілігі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол Twitter желісіндегі парақшасында өз ойын бөлісті. 

Тоқаевтың ойынша, Ресейде өткен әлем біріншілігі тарихтағы ең үздік чемпионаттың бірі болған. 

"Футболдан Ресейде өткен әлем біріншілігі ұйымдастыру жағынан тарихтағы ең үздіктердің бірі болды. РФ әлемге футбол державасы ретінде және қонақжайлылығы мен спорттық инфрақұрылымы дамыған мемлекет ретінде танылды. Ресей басшылығын, ұйымдастыру комитетін, ФИФА ұйымын құттықтаймын", - деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ,  ол Франция құрамасының ойыны жайлы да айта кетті. "Тамаша жеңістеріңізбен құттықтаймын", - деп жазды Тоқаев француз тілінде.  

Әлем біріншілігінің финалы Мәскеудің "Лужники" стадионында өтті. Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети