"Қатты уайымдап жатыр". Назым Бишімбаева күйеуі жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Назым Бишімбаева күйеуі Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық инстанция өкілдері шағымдарды қараған кезде процеске қатыса алады деген сенімде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Назым Бишімбаева күйеуі Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық инстанция өкілдері шағымдарды қараған кезде процеске қатыса алады деген сенімде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 16 мамырда Астанада қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа өкілдері экс-министр мен тағы 22 фигуранттың ісін қарауға кірісті. Апелляция сотталушылардың қатысуынсыз өтеді. Осыған байланысты адвокаттар соттан қорғалушыларының отырысқа қатысуына рұқсат беруін өтінді.

"Әрине, ол өте қатты уайымдап жатыр. Меніңше, сотталушылардың әрқайсысына осы процеске қатысу оңай емес. Күйеуіммен дүйсенбіде көрістік. Барлық шағымын айтып, жазып берді. Шағым түсті. Енді ол апелляциялық отырысқа қатысқысы келіп отыр. Менің ойымша, осындағы әрбір сотталушы отырысқа қатысқысы келеді. Бұл анық нәрсе, олардың тағдырлары шешіледі", - деді журналистерге экс-министрдің әйелі Назым Бишімбаева.

Айта кетейік, сотталушылардың апелляциялық отырысқа қатыстыру жайлы өтініштері әлі қараған жоқ.

Биыл 14 наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған болатын. "10 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметтерде басшы лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтесін, сондай-ақ, мүлкі тәркіленсін", - деп оқыған еді үкімді судья Әділхан Шайхисламов.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 501.83  course up  519.8  course up  5.31  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer