18 наурыз 2014 20:25

Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы ахуал талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аkorda.kz ©Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кезекті отырыс барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары, атап айтқанда, Украинадағы ахуал талқыланды. Бұған қоса, осы оқиғалардың еліміздің экономикалық дамуына ықпал етуіне қатысты мәселелері қаралды", - делінген хабарламада. Қазақстан Президенті талқылау қорытындысы бойынша Украина төңірегіндегі оқиғалардың ауанында әлемдік саясат пен экономикада қалыптасқан факторлар мен үрдістерді практикалық жұмыс барысында ескеру қажеттігіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз етуге және елді дамыту бойынша белгіленген жоспарларының орындалуына бағытталған шешімдерді қабылдаудың маңызын атап өтті. Бұған дейін Tengrinews.kz бүгін, 18 наурызда Владимир Путин, Қырым жетекшілері және Севастополь мэрінің Қырым мен Севастопольді Ресей құрамына қабылдау туралы келісімге қол қойғанын хабарлаған еді. Украинадағы ахуал жөнінде Қазақстан Президентінің бұған дейін өз пікірін білдіргенін атап өту керек. "Стратегиялық серіктес ретінде Қазақстан аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайды", - деген болатын ол. Мемлекет басшысы барлық мүдделі қатысушылар байыптылық танытатынына және келіссөздер жолымен жағдайды тездетіп қалпына келтіру шараларын қабылдайтынына үміттенетінін білдірді. Оның айтуынша, Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети