10 қараша 2016 12:36

Қайрат Нұртаспен түскі ас ішкіңіз келсе...

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bolashak.kz © bolashak.kz

"Болашақ" Қауымдастығы "Bolashak Lunch" қайырымдылық лотереясының өткізілуін жариялайды. Оның жеңімпазы еліміздегі ең танымал және сұранысқа ие әнші Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа барады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қауымдастықтың сайтына сілтеме жасап. 


"Болашақ" Қауымдастығы "Bolashak Lunch" қайырымдылық лотереясының өткізілуін жариялайды. Оның жеңімпазы еліміздегі ең танымал және сұранысқа ие әнші Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа барады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қауымдастықтың сайтына сілтеме жасап. 

Қатысу үшін lunch.bolashak.kz сайтына кіріп, сомасы 1000 теңге құрайтын билет сатып алу жолымен қайырымдылық үлес жасау қажет. Кез келген қатысушы үшін сатып алатын билет саны шектелмейді, және әр билет қатысушының жеңіске жету мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар қайырымдылықты анонимді түрде жасауға да болады. Төлем қабылдау аяқталғанан кейін кездейсоқ сан генераторы жеңімпазды анықтайды. Ол Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа баратын болады. Бас жүлдемен қатар қонақтың қолтаңбасы қойылған естелік сыйлықтар да ойнатылады.

"Bolashak Lunch" лотереясын өткізудің басты мақсаты қайырымдылыққа қаражат жинау болып табылады. Жиналатын бар қаражат «церебралды сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға көмекке жұмсалады.

Лотереяға қатысуға өтініштер 2016 жылғы 30 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Түскі ас Астана қаласында өтетін болады.

"Bolashak Lunch" қайырымдылық лотереясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және "Болашақ" Қауымдастығының 15-жылдығына арналған "25 Қайрымды Іс" жобасы аясында өткізіледі.

"Bolashak Lunch" қайырымдылық лотереясының алғашқы қонағы Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левит болды. Ол кезде лотерея нәтижесінде 173 мың теңге жиналған еді. Бұл қаражат 2008 ж. туған, балалар аутизмі және Аспергер ауруына шалдыққан Қуантқан Шерханның көпсалалы мамандар тобымен (психолог, эрготерапевт, логопед) 3 айлық қалпына келу курсын өтуге жұмсалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети