Қазақстанда қысқа мерзімді үзілістен кейін кезекті суық антициклон күтіледі, деп хабарлайды синоптиктер. Ол елдің алдымен солтүстік, содан кейін шығыс аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 13-15 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлт шығады, күн соңында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27 градус жылы. Іле Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 15-20 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін; күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр, облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстігінде 2-7 жылы, күндіз 12-17 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 13-15 градус жылы.
Алматы облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аудандарында 1-6 жылы, күндіз 25-30, таулы аудандарда 15-20 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың таулы аудандарында 3 жылы, күндіз 25-30, таулы аудандарда 22 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 27-29 градус жылы.
Түркістан облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады; күндіз таулы аудандарда кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 12 жылы, күндіз 27-32, таулы аудандарда 24 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 жылы, күндіз 25-30, облыстың батысы мен оңтүстігінде 33 градус жылы. Орал - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.
Атырау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың шығысында 27 градус жылы. Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы.
Маңғыстау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-шығысында 23 жылы, күндіз 30-35, облыстың батысында 20-25 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 23-25 градус жылы.
Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың оңтүстігінде 12 жылы, облыстың батысы мен солтүстігінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 22 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұрады; күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың батысында 2 градус үсік жүреді, күндіз 10-15, облыстың оңтүстік-батысында 18 градус жылы.Петропавл - көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 12-14 градус жылы.
Павлодар облысы - жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 13-18 градус жылы. Павлодар - ауыспалы бұлттылық, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 15-17 градус жылы.
Қарағанды облысы - таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей жерлерде секундтына 23 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың оңтүстігінде 14, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы. Қарағанды - ауыспалы бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 15-17 градус жылы.
Ұлытау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей жерлерде секундтына 23 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде 21 градус жылы. Жезқазған - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 9-14, екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундтына 23 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың шығысында 1 градус үсік, күндіз 20-25, облыстың шығысында 15 градус жылы. Өскемен - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундтына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.
Абай облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні секундтына 25 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы. Семей - ауыспалы бұлттылық, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.
Қызылорда облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 26-31 градус жылы.Қызылорда - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 6-11 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні секундтына 25 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аудандарында 9, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 20 градус жылы. Тараз - ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус жылы.