12 желтоқсан 2024 | 09:33

Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: https: t.me/KZgovernment Фото: https: t.me/KZgovernment

Үкімет қайтарылған активтердің 1,2 миллиард теңгесін қайда жұмсайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет қайтарылған активтердің 1,2 миллиард теңгесін қайда жұмсайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 миллиард теңгеден аса қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.

"Құрылысты бастау 2025 жылғы I тоқсанға жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажет қолайлы жағдай жасайды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Жамансор ауылында (Атырау облысы) мектеп, Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысын аяқтау, сондай-ақ Шымкентте Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі кешеніндегі жатақхана құрылысы секілді жобалар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 520.91  course down  543.61  course up  5.22  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer