30 қараша 2022 20:24

"Қазақконцертте" "Жұлдызды Жаңа Жыл" фестивалі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы елорда қонақтары мен тұрғындары үшін "Жұлдызды Жаңа Жыл" фестивалі аясында мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынады.


"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы елорда қонақтары мен тұрғындары үшін "Жұлдызды Жаңа Жыл" фестивалі аясында мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынады.

23 желтоқсан сағ.19:00-де Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің "Юные дарования" атты мерекелік концерті өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі - ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Айман Мұсаходжаева. Бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор - Бақытжан Мұсаходжаева. Іс-шараға Қазақ ұлттық өнер университеті музыкалық мектеп-колледжінің студенттері қатысады.

24 желтоқсан сағ.12.00-де "Балалар жобасы" аясында "Джаз деген не?" атты дәріс-концерт ұйымдастырылады. Іс-шарада "SAZ&SOUL" вокалды-инструментальды ансамблінің көркемдік жетекшісі Әділжан Толықпаев балаларға джаз музыкасының тарихы мен дамуы туралы мәліметтер береді. Кешкі сағат 19:00-де өтетін "ВЕЧЕРА ДЖАЗА" атты концертке Гүлнар Көшенова, Жанна Орынбасарова, Зарина Божакова, Әділжан Толықбаев, Шыңғыс Жанділдин, Анатолий Якушкин, Ақжол Исин, ​​Айдын Жұмабаев, "SAZ&SOUL" тобы, сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген әртістері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысады.

25 желтоқсан сағ.19.00-де Корольдік музыка колледжінің магистрі, Лидс қаласындағы халықаралық пианистер байқауының тұңғыш қазақстандық лауреаты, "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Әлім Бейсембаев "QAZAQSTAN" Орталық концерт залының сахнасында өнер көрсетеді. Концертте Ә.Бейсембаев Ф.Шуберт, Ф.Лист, С.Рахманиновтің шығармаларын орындайды.

26 желтоқсан сағ.19.00-де "Қазақконцерт" ұжымы "FOLK & SYMPHONY" атты мерекелік концертке шақырады. Музыкалық кеште "Астана Балет" театрының симфониялық оркестрі, "ТҰРАН" фольклорлы-этнографиялық ансамблі және "Гүлдер" би ансамблі өнер көрсетеді. Дирижері - Арман Оразғалиев.

28 желтоқсан сағ.19:00-де "SAZ&SOUL" вокалды-инструментальды ансамблінің мерекелік кешінде жаңа жылдық хит әндер, балаларға арналған, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі, әлемдік және отандық джаз музыкасының жауһарлары орындалады.

Сондай-ақ, "Жұлдызды Жаңа Жыл" фестивалі аясында өтетін концерттер шеруі кезінде көрермендер "Алдар көсе" мюзиклінің кейіпкерлерімен суретке түсуге мүмкіндік алады. Айта кетейік, аталмыш қойылым 2022 жылдың 14-15 желтоқсанында және 2023 жылдың 5-7 қаңтарында сахналанатын болады.

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети