"Қазақстан аруы-2016": Сыйақының жартысын балалар үйіне аударамын

11 Желтоқсан 2016, 00:04
0
"Қазақстан аруы-2016": Сыйақының жартысын балалар үйіне аударамын - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан аруы-2016" конкурсының жеңімпазы, қызылордалық Гүлбану Әзімхан сыйақысының жартысын балалар үйіне аударатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеңемін деп үміттендім. Үміттеріңізді ақтаймын деп ойлаймын. Сыйақымның жартысын балалар үйіне аударамын, қалғанын ата-анамын беремін", - деді конкурс аяқталғаннан кейін Гүлбану Әзімхан. 

Ару конкурстың қиын болғанын айтып өтті. Ұйымдастыру кезінде қыздар бір-бірімен достасып кеткендерін айтады. Гүлбану барлығына сенім білдіргені үшін алғыс айтты. 

Гүлбану әзірше өмірлік серігін таппағанын және жүрегінің әзірге бос екенін мәлімдеді.

Еске салайық, Гүлбану Әзімхан - Қызылорда медициналық колледжінің медбике мамандығында оқитын 18 жастағы қыз. Ол Қазақстанның 18 қаласынан қатысқан 24 қарсыласынан асып түсіп, "Қазақстан аруы-2016" атағын жеңіп алды. Енді Гүлбану "Әлем аруы-2017" байқауында еліміздің атынан шығады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай