03 маусым 2015 13:24

Қазақстан базарларында мемлекеттік символдарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан базарларында мемлекеттік символдарды сатуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы тілшілерге Техникалық реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры Сауықбек Қапаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Департамент ҚР мемлекеттік символдары туралы конституциялық заңға өзгерту енгізуге бастама көтереді, мұнда мемлекеттік символдарды тек арнайы дүкендерде немесе лицензиясы бар ұйымдарда алуға болатындай жасауға ұсыныс айтылады. Яғни мемлекеттік символдардың базарларда, түрлі сауда орындарында сатылып жатқанын білеміз. Осы мәселелерді ретке келтіру үшін "Мемлекеттік символдар туралы" заңға оның саудасына байланысты бөлігіне өзгерту енгізуге бастама көтереміз", - деді Қапаев.

Сонымен қатар, ол бүгінде мемлекеттік символдарды шығарып, саудалайтындардың әкімшілік жауапкершілігінің қолға алынбай отырғанын атап өтті. "Биыл 1 қаңтарда енгізілген жаңа редакцияның әкімшілік кодексі. Өндірушілерге оны шығаруға, қолдануға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал оның саудасының нормалары елеусіз қалған, осы мәселелерді толықтырғымыз келеді", - деді Қапаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети