27 ақпан 2017 14:19

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі кезінде ресейлік тараптан қолдау күтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі кезінде ресейлік тараптан қолдау күтеді Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Ресей президенті Владимир Путинмен өтіп жатқан кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі кезінде ресейлік тараптан қолдау күтеді Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Ресей президенті Владимир Путинмен өтіп жатқан кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз халықаралық күн тәртібінде барлығымыздың бір позицияны ұстанатынымызды білесіз. Қазір Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Біз беріліп жатқан ортақ тапсырмаларды ресейлік тараптың қолдауымен орындаймыз", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Ресейдің маңызды халықаралық істерді атқарып жатқанын айтып өтті. "Әсіресе, Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты процесте. Және Астанада келіссөздерді бірнеше раундпен өткізу туралы ұсыныстар бар. Процесс жүзеге асырылды. Бұл өте маңызды. Биыл Сирияда өтетін кездесуді ескеретін болсақ, тағы да біраз мәселелерді талқылауға мүмкіндік бар", - деді Қазақстан Президенті.

Cонымен қатар, ол 2007 жылдың сәуір айында Қытай Халық Республикасында конференция өтеді деп жоспарланғанын айтып өтті. "Сосын 8 маусымда Қазақстанда БҰҰ конференциясы өтеді. Сондай-ақ, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу кешін де тамашалауға болады. Көктемде аймақаралық конференция өтеді. Яғни, алда әлі бірнеше кездесу болады", - деді Назарбаев.

Қазақстан мен Ресей Президенттері кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының ерекшелігіне тоқталып, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары екенін атап өтті.

"Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ынтымақтастық арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оның барлық қатысушылары үшін маңызды әрі перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсіпорны Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жаңадан қайта өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал етуде. Сіздің былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыңыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында Санкт-Петербургтегі кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келісімшартқа қол қоюға мүмкіндік берді", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстан мен Ресейдің ұстанымы бірдей екенін және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында ортақ міндеттерді іске асыру үшін екі ел де бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

"Ресей халықаралық өзекті мәселелерді шешу, соның ішінде Сирия қақтығысын реттеу жөнінде шаралар қабылдауда. Астанада бірнеше келіссөз өткізу туралы ұсыныс білдірген де Ресей болатын. Үдеріс басталып кетті. Жалпы осы және басқа да мәселелерді шешу үшін жыл бойы бірқатар кездесу өткізу қажет, соның бірі 8 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы басқосу болмақ. Қазіргі барлық мәселелер достық негізінде шешілуде. Бірлескен кәсіпорындар құрып, алға қарай ілгерілейтін боламыз", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерді Астанада ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

"Бұл үдерісте Қазақстан тарапының жай ұйымдастырушы ретінде ғана қатысып қоймай, жалпы жағымды рөл атқарғанын білемін. Сіз кездесу ұйымдастыруға тікелей атсалысып, қатысушылармен және делегаттармен жұмыс жүргіздіңіз. Сіздің арқаңызда ешқашан болмаған нәтижеге қол жеткіздік. Әсіресе, атыстың тоқтатылуына бақылау жасау тетігі табылды, бұл - ең басты мәселе. Енді бұл Женевада жалғасатын келіссөздерге негіз болады", -деді Ресей Президенті.

В.Путин Қазақстанның Ресейдің басты экономикалық серіктесінің бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, интеграциялық үдерістер барысында жасалған жағдай арқылы нақты көлемді ұлғайтуға қол жеткізіп, ынтымақтастықты ұдайы арттырып отыру қажеттігін айтты.

Ресей Президенті өз елінің жаһандық мәселелерді шешуде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қолдауынан үмітті екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар Еуразиялық интеграция аспектілерін және экономика саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы 2017 жылы Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандарына 25 жыл болатынын айтып өтті. "Біз 25 жылы басқаларға үлгі болатын қарым-қатынасты орнаттық. Бұл біздің ынтымақтастықтың ең маңызды белгісі. Осындай тығыз қарым-қатынастың арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақ құрдық. Сіздің күздегі сапарыңыз мен Санкт-Петербургте өткізген бизнес-форумыңыз бізге 41 келісімшарт жасауға мүмкіндік берді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Владимир Путин өз кезегінде Қазақстаннан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі кезінде жаһандық мәселелерді шешуде қолдау күтетінін айтып өтті. "Қазіргі уақытта интеграциялық мәселелер шешіліп жатыр. Мен бүгінгі кездесу барысында осы мәселелердің барлығын талқылап өтеміз деп сенемін", - деді Путин.

Сондай-ақ, Ресей президенті валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде тауар айналымы бағасының төмендегенін айтты. "Бірақ физикалық тұрғыдан көлем сол қалпында қалды. Біздің мақсатымыз - физикалық көлемді ұлғайтып, тұрақты өсімге келу. Еуразия банкі жақсы жұмыс істеп жатыр. Меніңше, бұл екі ел арасында экономикалық қарым-қатынастың әрі қарай жетілетінінің белгісі", - деді  Путин.

Осыған дейін Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқан болатын. 

Еске сала кетейік, кеше, 26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыда бейресми кездесу өткізген болатын. Мемлекеттер басшылары жексенбіні Алматы маңындағы тау-шаңғы саяжайында өткізген еді.

Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі Алматыда Президенттің резиденциясында өтіп жатыр. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ, өңірдегі және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып жатыр. Кремль сайтының мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі барысында екі ел арасындағы сауда-экномикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, энергетика және ғарыш, сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар талқыланады. Екі ел көшбасшылары еуразиялық бірлестіктің әрі қарай дамуына байланысты мәселелерді қозғайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети