15 қаңтар 2019 09:06

Қазақстан дұрыс тамақтанбаудан болған өлім салдарының рейтингінде ондыққа кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Фридрих Шиллер атындағы Йен университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбаудан болған өлім салдарының рейтингін жасады. Рейтингте Қазақстан алғашқы ондыққа кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Фридрих Шиллер атындағы Йен университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбаудан болған өлім салдарының рейтингін жасады. Рейтингте Қазақстан алғашқы ондыққа кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеу Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тапсырысымен жүргізілген. Дұрыс тамақтанбаудан болған өлім саны мына елдерде жоғары екені анықталды:

1. Өзбекстан (100 мың адамға шаққанда 394 мың адам қайтыс болған)
2. Түрікменстан (376) 
3. Қырғызстан (350)
4. Украина (349)
5. Молдова (328)
6. Әзірбайжан (319)
7. Беларусь (313)
8. Тәжікстан (310)
9. Қазақстан (306)
10. Ресей (291)

Зерттеу авторлары осы елдердің тұрғындары тұзы көп тағамдарды көп жегендіктен дерттерге шалдығып, салдарынан қайтыс болғанын айтады. Сондай-ақ, олардың көкөністерді аз қолданғаны айтылады.

Ғалымдардың айтуынша, дұрыс тамақтанатын елдердің қатарында Испания, Израиль және Франция елдері бар: онда дұрыс тамақтанбаудан 100 мың адамға шаққанда 43-46 адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети