15 маусым 2020 17:11

Қазақстан ЕАЭО және Қытаймен тауарлар жөнінде ақпарат алмаса бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: akorda.kz Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Келісім ҚХР экспорттық декларациясынан тауарлардың саны, көлемі және құны бойынша онлайн режимінде ақпарат алуға, сыбайлас жемқорлықты және қытай тарапымен кедендік статистиканың алшақтық көлемін төмендетуге, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы мұның алдында Сенатта айтылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети