19 сәуір 2021 12:49

Қазақстан жолдарында өлім-жітім көрсеткіші артты - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылдың басынан бері жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны көбейгені байқалады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2021 жылдың басынан бері жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны көбейгені байқалады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың басынан бері қозғалыс жылдамдығының жаңаруын, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар жеткіліксіздігін ескерсек, апат көрсеткішінің өскені байқалады.

2021 жылдың үш айында апат саны 4 пайызға (2 740-тан 2 621-ге дейін) және зардап шеккендер саны 1 пайызға (3 634-тен 3 605-ке дейін) төмендесе, қаза болғандар саны 12 пайызға (325-тен 363-ке дейін) артқан", - деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.

Ол 2020 жылы пандемия кезіндегі карантин шаралары, облысаралық тасымалдарды шектеуге байланысты апат көрсеткіші төмендегенін айтты: жол-көлік оқиғасы - 19 пайызға, қаза тапқандар - 17 пайызға және жараланғандар - 20 пайызға.

Ең жоғары көрсеткіштер 2013 жылы тіркелген. Ол кезде 23 359 жол апаты тіркеліп, 3 мыңнан аса адам қаза тауып, 30 мыңға жуық адам жарақат алған.

"Талдау нәтижесі жолдардағы өлім-жітім жол-көлік оқиғасының үш негізгі түрінің динамикасына байланысты екенін көрсетті. Бұл жаяу жүргіншілерді соғу, аударылу және көліктердің бетпе-бет соқтығысуы. Осы түрлердегі өлім-жітім барлық апатта қаза тапқандардың 56 пайызы болды.

Олардың алдын алу тек қоршаулар қою, реттелетін жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату және жабдықтау есебінен мүмкін болады", - деп толықтырды ІІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети