19 қыркүйек 2021 11:57

Қазақстан мен Беларусь Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты күшейтуге кіріседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусь пен Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешені Ауғанстандағы жағдай аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттыруда пайдаланылады. Бұл туралы вице-премьер Юрий Борисов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Тамыздың басында Ауғанстандағы жағдай күрт өзгерді, "Талибан" Ауғанстан үкіметінің күштеріне қарсы шабуыл жасап, 15 тамызда Кабулға кірді, келесі күні соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабулдан кетті. 

6 қыркүйекте тәліптер ұзақ бағындыра алмаған Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панжшерді бақылауына алғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысқан болатын.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети