19 қазан 2020 13:25

Қазақстан мен Жапонияның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CІМ баспасөз қызметі © CІМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Жапонияның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан мен Жапонияның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жапон тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэгимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сұхбат барысында МТілеуберді COVID-19 індетімен күрес аясында жапон тарапының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

Тараптар 2020 жылғы тамызда бейнеконференция форматында өткен "Орталық Азия + Жапония" диалогы сыртқы істер министрлері отырысының нәтижелерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестіктің әлеуетін ескере отырып, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа негізделген сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі белсенді нығайту жолдарын айқындап, қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әрекетті жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети