19 сәуір 2021 16:14

Қазақстан мен Ресей шекарасында Көптоғай аулының маңындағы қоршаулар алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: azh.kz Фото: azh.kz

Атырау облысы Көптоғай ауылы маңындағы шекара қоршауы бұзылды. Бұл туралы Құрманғазы облысының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ақ Жайыққа"


Атырау облысы Көптоғай ауылы маңындағы шекара қоршауы бұзылды. Бұл туралы Құрманғазы облысының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ақ Жайыққа"

Әкімнің айтуынша, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған Қиғаш өзені бойындағы шекара белгілері алып тасталған.

"13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір өзенге мал суару және егінге су алу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін ешқандай кедергі жоқ", - деді Мурзиев.

Бұған дейін, 14 сәуірде Қазақстан мен Ресей шекарасында Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында жаңа шекара қоршауын салу жұмыстары басталған еді. Тұрғындар қоршауға наразы болды.

Мәселе Қиғаш өзені бойындағы ұзындығы 1500 метр және ені 10-дан 70 метрге дейінгі учаскеге байланысты туған. Каналға су тек көктемде толып, жазда кеуіп қалады. Ондаған жыл бойы мұнда жергілікті тұрғындар мал бағып келген.

ҚР ҰҚК шекара қызметі бұл жағдайға түсініктеме беріп, жұмыс екі ел арасында 2005 жылы болған келісімдерге сәйкес демаркация жұмыстары аясында жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Сол кезде нақты шекара белгіленген. Дәл сол кезде шекара тіректерін орнату жұмыстарында қате жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети