04 сәуір 2021 11:41

Қазақстан мен Түркия бірлесіп сериал түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстан мен Түркия бірлесіп тарихи сериал түсірмек. Танымал түрік продюсерлері жұмысқа кірісіп кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Қазақстан мен Түркия бірлесіп тарихи сериал түсірмек. Танымал түрік продюсерлері жұмысқа кірісіп кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, жобаға түркиялық продюссер Эмре Конюк қатысады.

"Алдағы уақытта 6 бөлімнен тұратын Алып-Арслан тарихи телехикаясын түсірмекпіз. Туындыдағы соғыс алаңдары мен жазық дала көріністерін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Қорқыт Ата жайлы фильм түсіретін кез келді. Төрткүл дүние ұлы тұлғаларымызды тануы тиіс. Ұрпақтары ретінде бұл біздің борышымыз", - дейді Эмре Конюк.

TRT түсірілім павильонының директоры Яхия Тайып Айдениздің айтуынша, түрік режиссерлері қазақстандық Nomad каскадерлері мен "Хассақ" этно-фольклорлық ансамблімен жұмыс істейді. 

"Тарихымыз бір. Сондықтан ортақ жобаны жүзеге асырсақ деп армандаймыз. (...) Халықаралық TRT киностудия қалашығының құрылысын бір жыл бұрын бастадық. Бүгін бір бөлігін қазақстандық делегациямен бірге аралап, ортақ жобаны жүзеге асыру жөнінде пікір алмастық", - дейді ол. 

Телеарна мәліметінше, Түркия бүкіл әлем бойынша телехикая экспорында екінші орында тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети