15 сәуір 2014 13:46

Қазақстан Өзбекстанмен арада автобус қатынасын жақсартады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Тengrinews.kz Иллюстрация. ©Тengrinews.kz

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобусы жүретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобусы жүретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдап, палатаның қарауына жіберді

Бұл құжат екі елдің арасындағы көлік қатынасын шешуді қарастырады. Заң жобасын жасаушылардың мәліметінше, аталған мәселе көптен бері шешімін таппай келеді. "Біздің елдеріміздің арасында 11 жылдан бері автобус байланысының жоқтығы - нонсенс әрі парадокс. Соған қарамастан, біздің мәліметімізше, 1500-2000-ға жуық адам күн сайын ары-бері қатынайды. Бұл адамдардың өзімен бірге қандай да бір заттарды алып жүретінін ескерсек, олардың қанша тауарды алып шығатынын, контрабанданың барын да болжауға болады. Шекара бар, бірақ шекаралас аудандардағы тұрғындар оның мүмкіндігін табар еді", - дейді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков. 

Оның айтуынша, бүгінде екі елдің арасында әуе және теміржол қатынасы бар. Енді автобустар мен жеңіл автокөліктерді іске қосу транзиттік тасымалды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Заң жобасын талқылау барысында стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланғаннан кейін екі ел арасында су мәселесінің де шешілетіні айтылды. "Біз Сырдария өзенінде гидротехникалық нысандар құрылысын салу мәселесін шешуді тұңғыш рет қолға алдық. Ол - Арал мәселесі, оның келісімшарттық құқықтық негізі алғаш рет жасалып отыр. Аралды құтқару саласында қалай өзара әрекет ететініміз қарастырылды. Бұрын мұндай міндеттеме болған жоқ", - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Парламенттің жоғарғы палатасының жұмыс тобы мақұлдаған келісім жобасында техногенді апаттардың алдын алу саласындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, төтенше жағдайлар күштерін өзара жұмылдыру, көлік және коммуникация, мұнай-газ, сауда салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін шешуге де ықпал етпек. "Өзбек тарапы ынтымақтастыққа ашық. Ол аталған шартты бірінші болып ратификациялады. Бұл олардың осы келісімге мүдделі екенін көрсетеді", - деді Алексей Волков. Оның айтуынша, аталған құжат осы айда күшіне енуі мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети