31 тамыз 2022 17:36

Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS© Фото: REUTERS©

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін гуманитарлық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болған, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 миллион адам баспанасыз және азық-түліксіз қалған.

27 тамызда Пәкістан премьер-министрі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. 28 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети