08 қаңтар 2015 10:15

Қазақстан Парижде болған лаңкестікті айыптайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парижде болған қарулы шабуылды айыптайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Парижде болған қарулы шабуылды айыптайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан осы жылдың 7 каңтарында Парижде орын алған шабуылды айыптайды. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына кайғырып көңіл айтамыз. Экстремизмнің барлық түрлерімен күрес жолында біз Францияны қолдаймыз және осындай зұлым қатерге төтеп беру ісінде халықаралық серіктестектермен бірігіп жұмысты жалғастырамыз", - делінген министрліктің таратылған хабарламасында. 

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира басылымының редакциясына оқ жаудырған болатын. Қара киім киген қарулылар 12 адамды атып тастады, 20-дан астам адам жарақат алды. Кейін шабуыл жасағандардың ағайынды 32 жастағы Саид және 34 жастағы Шериф Куашилер және 18 жастағы Хамид Мурад екені белгілі болды. Франция президенті Франсуа Олланд бұл қанды оқиғаны теракт деп мәлімдеді. Лаңкестердің қолынан елдегі ең танымал карикатурашылар - басылымның бас редакторы Стефан Шарбонньер, басылым қызметкерлері - Жан Кабю, Бернар Вельяк, журналдың егде қызметкерлерінің бірі - 80 жастағы Жорж Волински және басқалар, сондай-ақ полицияның екі қызметкері қаза тапты. Францияда теракт құрбандарына байланысты аза тұту күні жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети