06 шілде 2015 18:52

Қазақстан Президенті Душанбеге күзде барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы әңгімелесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы әңгімелесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаевты Тәжікстан Республикасының Президенті туған күнімен құттықтады.

"Әңгіме барысында мемлекеттердің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Душанбе қаласына биылғы күзге болатын ресми сапарын талқылады", - делінген хабарламада. Әңгімелесуге тәжік тарапы бастамашы болды.

Сонымен қатар, еліміздің Басшысын 75 жылдық мерейтойымен РФ президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Сербия президенті Томислав Николич құттықтады. 

Мұнымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенконың, Чех Республикасының президенті Милош Земанның, Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің, Армения президенті Серж Саргсянның, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэның, Монако князі Альбер ІІ, Оман Сұлтаны Кабус бен Сайдтың құттықтауын қабылдады. 

Ал Қырғызстан президентімен Астанадағы ресми кездесу барысында Алмазбек Атамбаев өз елінің халқы атынан екі ел арасындағы достық пен тату көршілестік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа І дәрежелі "Манас" орденін тапсырды.  

Елордада Мемлекет басшысы мен Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен кездесу өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети