08 қараша 2022 13:45

Қазақстан президенттігіне үміткерлердің теледебатына қанша қаражат жұмсалады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткерлердің теледебаттарына қанша ақша жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткерлердің теледебаттарына қанша ақша жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

""Хабар" телеарнасының өтініші бойынша 63 миллион теңге ұсынылды", - деп жауап берді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

"Хабар" агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов бұл қаражаттың нақты не үшін жұмсалатынын айтты.

"Студияны ұйымдастыру, жарықтандыру, тікелей эфир кезіндегі байланыс, қосымша кадрларды жұмысқа алуға кетеді", - деді ол.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстан президенттігіне үміткерлердің дебаты 11 қарашада өтетінін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети