15 мамыр 2020 11:21

"Қазақстан" шипажайының бұрынғы басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" шипажайының бұрынғы басшысы ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


"Қазақстан" шипажайының бұрынғы басшысы ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-тарда тергеуге қысым көрсету мақсатында "Санаторий Қазақстан" АҚ-ның бұрынғы президенті Қазыбек Сұлтанға қатысты қылмыстық іс туралы түрлі жалған және болжамды ақпараттар жарияланды.

Осыған байланысты ІІМ Тергеу департаменті Сұлтанға және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілетінін хабарлайды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету) бойынша айып тағылды.

Қазыбек Сұлтан 2013 жылы шипажай ғимаратын қайта жаңарту және күрделі жөндеуге деп банкке жоғары кірістілік туралы жалған мәлімет беріп, 2,6 миллиард теңге несие алған. Сұлтан одан әрі әртүрлі қаржылық схемаларды пайдалана отырып, "жалған кәсіпорын" арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, 974 миллион теңге жымқырды.

Сонымен қатар АҚ-ның бұрынғы басшысы өзінің таныстары мен жақын туыстарын ақша жымқыру схемасына тартқан. 

2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін қоғамның спорттық-сауықтыру кешенін Қазыбек Сұлтанның кіші қызы А. Бейсебаева басқарған, ол барлық кірістерді өзі иемдеген.

Бұл және басқа да талан-таражға салу деректері аудиторлық тексерісте, сот-экономикалық сараптамада және санаторий қызметкерлерінің көрсетулерінде расталады.

Бүгінгі күні АҚ іс жүзінде банкротқа дейін жеткен. Қаржы мекемесі алдындағы берешектің жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Сұлтан соттың санкциясымен қамауға алынды, оның қызы А. Бейсебаеваға қатысты үйқамаққа алу шарасы қабылданды. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке қоғамның бірқатар қызметкерлері мен Казыбек Сұлтанның жақын туыстары тартылады. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети