02 желтоқсан 2021 18:11

Қазақстан Тәжікстан мен Қырғызстанға әскери техника береді: Тоқаев заңдарға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент қол қойған заңдар:

  • Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
  • Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына;
  • Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына.

Қырғызстанмен келісімге ел Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында 2021 жылғы 2 наурызда қол қойылды. Ол Қырғыз тарапына әскери мүлікті, оқ-дәрілерді және арнайы жабдықтарды бір рет беруді көздейді. Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қырғыз Республикасының Қойташ елді мекеніне дейін автомобиль көлігімен жеткізу жөніндегі шығыстарды қамтамасыз етеді және өзіне алады. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

Тәжікстанмен келісімге 2021 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының 2020 жылғы Тәжікстан Президентімен кездесуінің қорытындысы жөніндегі тапсырмасын және тәжік тарапының әскери-техникалық көмек көрсету туралы сұрау салуын іске асыру шеңберінде қол қойылды. Құжат әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілерді тәжік тарапына бір рет беруді қарастырады. Қазақстан тарапы әскери мүлікті Жамбыл облысының Отар станциясынан Душанбе қаласына дейін теміржол көлігімен жеткізу жөніндегі шығыстарды қамтамасыз етеді және өзіне алады. Келісім шеңберінде тәжік тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети