08 маусым 2021 10:35

Қазақстан Тәжікстанға өтеусіз көмек көрсетуді жоспарлап отыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы" қаулы жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі сайтына сілтеме жасап.

17 сәуірде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылған. Ол Қазақстан Республикасының 2021 жылға арналған халықаралық шарттар жасасу жоспарына сәйкес қабылданған.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында танысуға болады. Жоба 17 маусымға дейін талқыланады.

CentralAsia мәліметі бойынша, Қазақстаннан Тәжікстанға берілетін қару-жарақ түрлері:

  • 5,45 миллиметр оқ-дәрісі бар ПС - 3 миллион 240 дана;
  • 23 миллиметр патрондар - 20 мың 76 дана;
  • атыс минометтері 82 миллиметр - 10 мың дана.

"Мүлік пайдалануға жарамайды және артық мөлшерде, осыған байланысты оны қалпына келтіруге бюджет қаражаты талап етілмейді. Жоба мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді", - деді Қорғаныс министрлігі қару-жарақты беру себебін түсіндіріп.

Қазақстан әскери мүлікті пойызбен Қазақстан аумағынан (Отар станциясы, Жамбыл облысы) Тәжікстан аумағына (Рохати, Душанбе станциясы) жеткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети