08 ақпан 2023 09:29

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарына қарағанда, құтқару жасағы екі топқа бөлінген.

Біріншісі – алты қабатты үй, оның толық қирау қаупі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйде адамдар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта кинологиялық иттер іздеу жұмыстарына кіріскен. Егер адам табылса, иттер тиісті белгі беріп, оларды үйінді арасынан шығарып алу жұмыстары басталады.

Екіншісі – бұл толығымен қираған тұрғын үй, үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Жедел ақпарат бойынша, құтқарушылар үйінді астынан қайтыс болған адамның денесін шығарды. Мұнда құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, іздеу жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін үйінді астына түседі.

Екі объектіде де құтқарушылар адамдардың болу фактілері толық жойылғанға дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар жіберді. Бүгін, 7 ақпанда құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети