11 шілде 2021 11:16

Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына өтуі мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Испания, Исландия секілді Еуропа елдері қысқартылған жұмыс аптасына өтті. Мұндай шешім бірнеше жылғы тәжірибеден кейін қабылданды. Зерттеу нәтижелері бойынша, мұндай өзгерістен қызметкерлердің жұмыс сапасы нашарлағаны анықталған. Қазақстан қысқартылған жұмыс аптасына өтуі мүмкін бе? Бұл мәселені Tengrinews.kz тілшісі анықтады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданыстағы еңбек заңнамасы бойынша, егер жұмыс беруші қарсы болмаса, аптасына төрт күн жұмыс істеу мүмкіндігі бар. 

"Еңбек шартын жасасу кезінде, сондай-ақ, еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім бойынша жұмыскерге толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің саны қысқаруы белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу еңбек қатынастары тараптарының келісімі бойынша шешіледі.

Төрт күндік жұмыс аптасы белгіленген жағдайда жұмыс берушінің де, қызметкердің де еңбек заңнамасында көзделген барлық құқығы мен міндеті сақталады. Осыған байланысты Еңбек кодексіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етілмейді, себебі ол қолданыстағы еңбек заңнамасында регламенттелген", - деді ведомство өкілдері.

"Жалақы азаюы мүмкін" - Мамандар жұмыс аптасын қысқарту жайлы не дейді?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети