08 қыркүйек 2021 17:18

Қазақстан тұмауға қарсы ресейлік вакцинаның 2,5 миллион дозасын сатып алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталады. Ол үшін 2,5 миллион доза ресейлік вакцина сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталады. Ол үшін 2,5 миллион доза ресейлік вакцина сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл бюджет қаражатына Ресейде өндірілген "Гриппол плюс" вакцинасының 2,5 миллион дозасы сатып алынды. Вакцинада алдағы маусымға қарсы штамдар бар. Бұл ДДСҰ ұсынған 10 пайызға қарағанда, жалпы халқының шамамен 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді", - деді Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталатынын айтты.

"Бас дәрігер қаулысы қабылданды. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен осал топтағы адамдар егілетінін еске салғым келеді. Бұл бірінші кезекте балалар, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған адамдар, білім беру ұйымдарындағы балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және т.б", - деп толықтырды Шоранов.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер мен тұрғындардың жеке қаражаты есебінен де тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі.

"Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жеке орталықтарда және тұрғылықты жері бойынша емхананың егу кабинеттерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін уәкілетті медициналық мекемелердің мекенжайларын тұрғылықты жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және денсаулық сақтау басқармаларынан білуге болады. Бюджет қаражатына сатып алынған "Гриппол плюс" вакцинасынан басқа, Қазақстанда үш өндірушіден тұмауға қарсы тағы төрт вакцина тіркелген", - деп қорытындылады Шоранов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети