Қазақстанда 10 азық-түлік өнімінің бағасы төмендеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Маусымның бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маусымның бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда комитетінің мәліметі бойынша, бір апта ішінде тауар мен көкөністің 10 түріне баға төмендеген:

  • күріш,
  • қарақұмық,
  • күнбағыс майы,
  • сүзбе, 1 сұрыпты ұн,
  • тауық жұмыртқасы,
  • макарон өнімі,
  • сәбіз,
  • пияз
  • қырыққабат.

Картоптың бағасы 4,4 пайызға көтерілген. Бұл көкөніс бағасының өсуі Астана, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркелді.

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков атап өткендей, егістіктен алынған жаңа өнімнің бағасы қазір тұрақсыз және күн сайын өзгеріп отырады. Дегенмен әкімдіктердің ерте шығатын өнімге форвардтық келісімшарттарды уақтылы жасасуы баға ауытқуларын реттей алады.

Алматыда әлеуметтік өнімдерді жеткізу жағдайына ерекше назар аударылған. Бұл қала бүкіл ел бойынша азық-түлік инфляциясының индексін қалыптастыруға ең үлкен әсер ететін аймақтардың қатарында бірінші тұр. Одан кейін Астана мен Шымкент.

Алматының базарларын тұрақты бағадағы өніммен толтыру үшін көкөністерді тікелей жеткізушілер аздық етеді. Осыған байланысты Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына жақын маңдағы облыстардан көкөністерге кепілдік беретін жеткізушілерді республикалық маңызы бар үш қалаға бекіту міндетін қойды.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер әкімдіктерге бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша ӘКК жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Атап айтқанда, 2025 жылдың маусымаралық кезеңінде қазақстандықтарды тұрақты бағадағы көкөніспен қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 1 тамызға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен өнім сатып алуды қаржыландыру қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer