11 желтоқсан 2020 11:48

Қазақстанда 100, 200 және 500 теңгелік жаңа монеталар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ұлттық банк © Ұлттық банк

Ұлттық банк "Белка және Стрелка", Sundet Toi коллекциялық монеталарын шығарды. Жаңа қазақстандық монеталардың номиналы - 500, 200 және 100 теңгелер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық банк "Белка және Стрелка", Sundet Toi коллекциялық монеталарын шығарды. Жаңа қазақстандық монеталардың номиналы - 500, 200 және 100 теңгелер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Белка және Стрелка" коллекциялық монеталары 

Күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "Белка және Стрелка" коллекциялық монеталар "Ғарыш" монеталар сериясын жалғастырады. Монеталар Белка мен Стрелка иттері Қазақстан жеріндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Восток" ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка - орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған кеңестік космонавт иттер.

Монеталардың аверсінде ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Монеталардың оң жақ бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін: танталы бар күміс монетада "500 теңге", мельхиор қоспасынан жасалған монетада "200 теңге", нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "100 теңге" деп жазылған. Танталы бар күміс монета номиналының астында - монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін Ag 925 14,6 g Та 26,8 g деген жазу бар. Төменгі жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотипі) бар. Жиегінде мемлекеттік тілде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY, ағылшын тілінде REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деп айналдыра жазылған жазу бар.

Монеталардың реверсінде ортасында - ғарыштық айшықталған капсуладағы Белка мен Стрелканың бейнесі. Жоғары бөлігінде ашық ғарыштың символын білдіретін жұлдыздар шоғырын көруге болады. Жиегінде орыс тілінде "Белка" мен "Стрелка", ағылшын тілінде BELKA мен STRELKA деген жазу, сондай-ақ оқиғаның мерейтойлы датасын білдіретін "1960-2020" деп айналдыра жазылған жазу бар.

Sundet toi коллекциялық монеталары туралы

Сүндет той - қазақтың ұлттық салт-дәстүріне айналған қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы. Сүндетке отырғызбас бұрын болашақ жігітті атқа отырғызып, кейін сыйлық берген.

Монеталардың аверсінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра латын графикасымен мемлекеттік тілде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және ағылшын тілінде REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазу бар. Сол және оң секторларында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Төменгі жағында TEŃGE, монетаның номиналын білдіретін күміс монетада "500" деген сан және мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталарда "100" деген сан бар.

Монеталардың реверсінде Сүндет той мерекелік салтының композициялық суреті бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде шаңырақтың айшықталған бейнесі және ұлттық ою-өрнек элементтері, Sundet toi деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ою-өрнек қапталған монета шығарылған жыл. Монетаның сол және оң жағында күмістен жасалған Ag 925 және 24 g монета металын, сынамасын және салмағын білдіретін жазулар бар.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

"Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Proof-like сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. Вrilliant uncirculated дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети