28 қыркүйек 2021 12:13

Қазақстанда 18 жастағы қанша адамда қару бар?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда он сегіз жастағы 20 жасөспірім ресми түрде атыс қаруына ие. ІІМ құқық қорғау органдары оларға қандай талап қоятынын және бұл салада не өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда он сегіз жастағы 20 жасөспірім ресми түрде атыс қаруына ие. ІІМ құқық қорғау органдары оларға қандай талап қоятынын және бұл салада не өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Қазақстанның тәуелсіздік тарихында оқу орындарында қару қолдану жағдайлары болған емес. 

"Ішкі істер департаменті реестрінде 18 жасында қару иеленген 20 адам бар.

Қару айналымы саласындағы заңнамаға сәйкес иелеріне мынадай талаптар қойылады:

  • қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімнің болмауы;
  • қаруды сақтау, сондай-ақ оның нақты тұрғылықты жері бойынша сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлардың болуы;
  • бес жылда бір рет қаруды пайдаланушыларды даярлау және оқыту жөніндегі оқу орталықтарында қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру;
  • қаруды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын және оны тасымалдау тәртібін сақтау;
  • иесі қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелері бір ай мерзімде қаруды қайта тіркеуге немесе комиссиялық сатуға тапсыруға міндетті;
  • тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қаруды ІІО есебінен шығару және 10 күн бұрын оны жаңа тұрақты тұрғылықты жері бойынша есепке қою, ал бір аудан немесе қала шегінде тұрғылықты жерін ауыстырған кезде 5 күн бұрын бұл туралы аумақтық ІІО-ны хабардар ету;
  • азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында қолда бар қаруды, оның патрондарын және оларды сақтау орындарын, сондай-ақ қажетті құжаттаманы қарап тексеру үшін ІІО қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге;
  • рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жаңасын алу үшін ІІО-ға жүгіну қажет;
  • өзіне тиесілі қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы ІІО-ға міндетті түрде хабарлау қажет", - деді ІІМ өкілі.

Адам қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайда, рұқсаттың қолданылуы сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда жасөспірімдер заңсыз атыс қаруын иеленген жағдайлар да бар.

"2020 жылы жасалған қылмыстың үш дерегі бойынша тіркелмеген атыс қаруының үшеуі тәркіленді, биыл кәмелетке толмағандардан қару тәркілеу жағдайы тіркелген жоқ", - деп түсіндірді ІІМ өкілі.

Айта кетейік, Қазақстанда атыс қаруын иеленуге рұқсат етілген жасты арттыру жоспарланған. Бұл мәселе Татарстан астанасы - Қазандағы қайғылы оқиғадан кейін көтерілген.

20 қыркүйекте Пермьде 18 жастағы студент университет ғимаратына қарумен кіріп, студенттерге оқ жаудырды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып, 47 адам жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети