Қазақстанда 37 миллиард теңгенің бензинін елден шығару схемасы әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 37 миллиард теңгенің бензинін елден шығару схемасы әшкереленді Фото:depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қырғызстанға АИ-92 бензинін контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қырғызстанға АИ-92 бензинін контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Схема қалай жұмыс істеді?

Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ құрамында 9 адам болған. Схеманы жүзеге асыру үшін олар 12 заңды тұлғаны тіркеп, сол арқылы мұнай өнімдерін сатып алуды, рәсімдеуді және экспорттауды жүзеге асырған.

"Бензиннің шығу тегін заңдастыру және оны сыртқа шығару мақсатында күдіктілер "Қара Май ОйЛ" ЖШС және Petro Bazis ЖШС шағын мұнай өңдеу зауыттарын пайдаланған. Ресми түрде бұл кәсіпорындар компаундирлеу - АИ-92 бензинін жеңіл дистиллятпен немесе еріткішпен араластыру қызметтерін көрсеткен. Алайда іс жүзінде олардың қызметі технологиялық өңдеусіз бензинді теміржол цистерналарына тиеумен ғана шектелген", - деп мәлімдеді ҚМА.

Осыдан кейін жанармай мұнай-химия өнімі - еріткіштер мен жеңіл көмірсутектер қоспасы ретінде декларацияланатын жалған құжаттар толтырылған.

Экспорт көлемі мен шығын

Осылайша, автокөлік бензині мұнай-химия өнімдері түрінде Қырғызстанға, соның ішінде ішкі нарықта жанармай тапшылығы кезінде заңсыз экспортталған.

Заңсыз шығарылған бензиннің жалпы көлемі 190 мың тоннадан асты. Тергеу болжамы бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы 37,2 миллиард теңгеден астам соманы құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кезекті тасымал әрекеті кезінде "Түрксіб" станциясында Қырғызстанға бет алған, көлемі 500 тоннаға жуық заңсыз бензин тиелген 8 теміржол цистернасы құрықталған.

Тәркіленген құны 138 миллион теңге болатын бензин мемлекет пайдасына алынған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібімен жария етуге жатпайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.18   563.78   6.54 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +24
Ақтау +20
Ақтөбе +16
Атырау +24
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +28
П
Павлодар +18
Петропавл +27
С
Семей +23
Т
Талдықорған +24
Тараз +25
Түркістан +22
О
Орал +20
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер