21 мамыр 2021 11:40

Қазақстанда 38 градусқа дейін аптап болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" синоптиктері 22-24 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері 22-24 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте республиканың бүкіл аумағы жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Шығыс Қазақстан облысында 22 мамырда аз мөлшерде жауын-шашын жауып, түнгі уақытта үсік жүреді.

"Иран аудандарынан белсенді түрде жылы және құрғақ ауа массалары келуіне байланысты ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы және тіпті күннің қатты ысуы күтіледі. 24 мамырда күндіз термометр бағаналары 30-38 жылу белгісіне жетеді, тек оңтүстік-шығыс, шығыс және орталықта күн 25-35 градусқа дейін жылиды. Еліміздің жекелеген аудандарында жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде құмды дауыл тұрады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети