12 шілде 2020 16:03

Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: komi-news.ru Фото: komi-news.ru

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, күндіз 13 шілдеде Қостанай облысында оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанады.

13 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі

Түнде 13 шілдеде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 13-15 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты ыстық 35 градус және өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз 13 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыста қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Күндіз 13-15 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Жезқазғанда күндіз 13 шілдеде 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети