Қазақстанда 500 миллиард теңгеге жуық қаржы тиімсіз жұмсалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мәжілісте 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) есептері ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісте 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) есептері ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаеваның айтуынша, 2024 жылғы республикалық бюджет орындалған. Оның айтуынша, бюджет жүзеге асырылғанымен, бұл тиімді орындалды дегенді білдірмейді. Мысалы, жыл сайын депутаттар бюджеттің үлкен тапшылығы туралы айтады, ал ол алынған кірістер есебінен емес, Ұлттық қордан берілетін трансферттер арқылы жабылады. Үкіметтің дерегі бойынша, былтыр тапшылық деңгейі 3,6 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 2,7 пайызы көлемінде болған. Кабмин тапшылық "норма шегінде" екенін айтты.

"Тағы бір мәселе – мемлекеттік қарыз көлемінің артуы. 2024 жыл да ерекшелік болған жоқ. Мемлекеттік қарыз 2023 жылғы дерекпен салыстырғанда 17,2 пайызға өсті. Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерегі бойынша, мемлекеттік қарыз 31,8 триллион теңге болды, бұл ЖІӨ-нің 23,8 пайызына тең", – деді Дания Еспаева.

Сонымен қатар, вице-спикердің айтуынша, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жалғасып жатыр. ЖАП деректеріне сәйкес, былтыр бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану көлемі екі есе артқан (2023 жылы – 250,2 миллиард теңге, 2024 жылы – 475 миллиард теңге), ал анықталған заңбұзушылықтардың жалпы көлемі 862 миллиард теңге болған (2023 жылы – 523 миллиард теңге).

"2024 жылы бюджет рекорд деңгейде – 12 рет түзетілді, бұл жоспарлаудың сапасы төмен екенін көрсетеді", – деді Еспаева.

Тағы бір мәселе – бюджетті игермеу. 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 92 миллиард теңге игерілмеген. Биыл ең көп игерілмеген қаржы Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Көлік министрліктерінде тіркелген – олардың әрқайсысы 20 миллиард теңгеден астам соманы игермеген.

Жоғары аудиторлық палатаның есебіне сәйкес, 2024 жылы шығындардың көп бөлігі халықты әлеуметтік қолдауға, мемлекеттік қарызды өтеуге және өңірлерге қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.

"2024 жылы жоғарыда аталған мәселелерге қосымша, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауы да тіркелді – барлық бағыттар бойынша (салықтық, салықтық емес, трансферттер), соның салдарынан бюджеттен шамамен 422 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру жүзеге аспады", – деді вице-спикер.

Еске салайық, бір жыл бұрын Қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге болғанын хабарлаған еді.

Мемлекеттік қарыз – бұл үкіметтің адамдардан, компаниялардан, халықаралық ұйымдардан немесе басқа елдерден қарызға алып, белгілі бір мерзімде пайызымен қайтаруға міндеттелетін ақшасы. Елдің мемлекеттік қарызы неғұрлым аз болса, оның экономикалық жағдайы соғұрлым тұрақты болады. Мемлекеттік қарыз ұлттық немесе басқа кез келген валютада, сондай-ақ жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) пайызымен өлшенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer