05 желтоқсан 2022 12:08

Қазақстанда АӘК тағайындау кезінде күнкөріс минимумы ескерілмейді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау үшін кедейлік шегі орташа табысқа қарай есептелетін болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау үшін кедейлік шегі орташа табысқа қарай есептелетін болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, аталған тәжірибені енгізер алдында Қазақстанда ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі зерделенген.

"Тағы бір маңызды параметр-атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына орташа табыстың шамасына қарай есептелетін болады. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі зерттелді. Сегізден аса ел бұл көрсеткішті отбасылардың әл-ауқатының дәрежесін көрсететін шама ретінде пайдаланады. Бүгінгі таңда АҚШ-тағы кедейлік шегі орташа табыстың 40 пайызын, Канадада 50 пайызды, Швеция мен Норвегияда, Данияда, Австрияда, Германияда және Францияда 60 пайызды құрайды. Бұл тәжірибені енгізу көзделіп отыр", - деді Дүйсенова Мәжілісте.

Медиандық табыс – "кіріс қатарының" ортасында соманы көрсететін және оны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш. Басқаша айтқанда, бұл жалақы тізімінің дәл ортасында тұрған адамның жалақысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети